15-ақпан Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күні.
15-ақпан Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күні. Сондықтан Қазақстанның жер-жерінде бұл күн ескерусіз қалған емес. Ерліктің даңқын асқақтатып, өздерінің азаматтық түр тұлғасын танытып жүрген ардагер ағаларымыз қашанда, қай кезде де мадақ пен марапатқа лайық жандар. Осындай азаматтар қазіргі таңда өзімізбен қатар еңбек етуде. Айтулы күнге байланысты, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің слесарь-сантехнигі, ауған соғысының ардагері Абжанов Қуат Салимұлын кәсіпорынның ардагерлер және кәсіподақ комитеттері құтықтап, сыйлықтар тапсырды.