Сызғанов атындағы “Ұлттық ғылыми хирургия орталығы”мен Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы арасындағы Меморандум

А.Н.Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, профессор, медицина ғылымдарының докторы Болатбек Баймаханов Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспановамен тәжірибе, білім алмасу, бірлескен ғылыми-қолданбалы зерттеулер, конференциялар, сондай-ақ бірлескен семинарлар ұйымдастыру бойынша және облыстық емдеу мекемелерінде шеберлік сыныптарын өткізу жөнінде медициналық қызметтегі ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Оның аясында тараптардың бірлескен клиникалық және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығына қатысты негізгі ережелер айқындалып, диагностика мен емдеудің инновациялық түрлері енгізіліп, дәрігерлердің және басқа қызметкерлердің диагностика мен емдеу әдістері туралы кедергісіз ақпарат алуы қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтау мамандарына ақпарат беру, өзекті мәселелерді шешу үшін дәрігерлердің диагностикалық, емдеу және профилактикалық жұмыстарының білімі мен дағдыларының сапасы арттырылып, қазіргі заманғы дәрі-дәрмектерді, хирургиялық және басқа емдеу мен алдын алу әдістерін ұтымды пайдалануы қамтамасыз етіліп, білім мен практикалық дағдылардың нәтижесін арттыру арқылы пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға жағдайлар жасалатын болады.